Ковид: Бразилияда бір күнде 4 мыңнан аса адам қайтыс болды

0
461
Photo: aa.com.tr

Өткен тәулікте Бразилияда коронавирустан 4000-нан аса адам қайтыс болды. Бұл пандемия басталғалы бері рекордты адам өлімі.

Ауруханаларда орын болмай кейбір қалада адамдар кезек күтіп қайтыс болып жатыр. Ал көптеген ауданда денсаулық сақтау жүйесі құлдырау алдында тұр.

Қазір елде қайтыс болғандардың жалпы саны 337 000-ға жуықтады. Бұл АҚШ-тан кейінгі екінші орын.

Ел президенті Джаир Болсонаро індетті болдырмауға бағытталған кез келген оқшаулау шараларына қарсы тұруды жалғастырып жатыр.

Ол вирустың әсерінен гөрі экономикаға келтірілген залал нашар болатынын айтып соттарда жергілікті билік енгізген кейбір шектеулерді жоюға тырысқан.

Сейсенбіде президент резиденциясының жақтаушылары алдында сөйлеген сөзінде ол карантин шараларын сынға алып, адам өлімін семіздік және депрессиямен байланысты екенін әрі оның жұмыссыздыққа әкелетінін айтты. Президент кейінгі 24 сағатта 4195 адамның қайтыс болғаны туралы ештеңе айтпаған.

Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионнан асқан.  Наурызда 66 570 адам ковидтен көз жұмған. Бұл ақпан айымен салыстырғанда екі есе көп.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз