Дубайлық әуе компания аспанда ауызашар береді

0
458

Дубайдағы жекеменшік Jetex әуе компаниясы келе жатқан мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының қарсаңында “аспандағы ауызашар” қызметін іске қосты. Бұл туралы Haberturk сайты хабарлады.

Екі адамның бір реттік ауызашары 18 мың доллар болады.

Әуе компаниясының мәліметінше, ауызашарға тапсырыс берушілерді VIP терминалдан арнайы көлік күтіп алып ұшаққа дейін жеткізеді.

Қазіргі уақытта құны 18 мың доллар тұратын ауызашарға 15 адам алдын ала тапсырыс берген.  Сайтта “аспандағы ауызашардан” түскен қаржының БАӘ-дегі ғаламдық қайырымдылық қорына аударылатыны жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз