Қазақстанда өткен тәулікте 2883 адам коронавирус жұқтырып, 112 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ел астанасында науқастар (584) күрт артқан. Алматыда бір күнде 695 науқас тіркелді. Қарағанды облысында 258 науқас анықталған. Алматы облысында – 185, Батыс Қазақстан облысында – 153, Ақмола облысында – 140, Ақтөбе облысында – 128, Шымкент қаласында – 114, Павлодар облысында – 112, Атырау облысында – 110 науқас тіркелген.
Өткен жылдың наурыз айынан бері 316 965 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3 638 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 791 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 52 739 адамға коронавирус пневмония диагнозы қойылған.
Қазір 42 526 адам коронавирустан емделіп жатыр. 42 038 адам коронавирустан, 488 адам пневмониядан емделуде. 199 адамның жағдайы өте ауыр. 114 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 150 млн адамға коронавирус жұққан, 3 млн адам қайтыс болған