Сауд Арабиясы Түркия білім министрлігіне қарасты 8 мектепті жабады

0
419
Photo: BBC

Сауд Арабия билігі ел астанасы Эр-Риядта және басқа аймақтарда орналасқан Түркияның білім министрлігіне қарасты 8 мектепті жыл соңында жабуға шешім қабылдады. 

Сауд Арабия білім министрлігі елдің солтүстік батысында орналасқан Тәбук, Эр-Рияд, Таиф және Джидда қалаларында Түркияның білім министрлігіне қарасты мектептерді жұмысын тоқтату туралы жазбаша шешім шығарған.

Ал Даммам және Абха қалаларындағы ТБМ-ға қарасты оқу орындарына билік өкілдері барып мектептерді жабу туралы шешімді ауызша хабарлаған.

Сауд Арабия білім министрлігі оқу орындарын жабу туралы қарарда “мектептердегі іс-шаралар оқу жылының соңында тоқтатылатынын, оқушылардың басқа оқу орындарына еш қиындықсыз ауыса алатынын, мектеп басшылығы тиісті хабарландыру жасауы керек екенін” мәлімдеген.

Ел билігі Мекке мен Мединадағы түркиялық мектептерге де дәл осындай шешім шығармақ.

Дипломатиялық ақпарат көздері Сауд Арабиясындағы түркиялық мектептерде оқитын 2256 оқушы араб тілін жетік білмегендіктен Сауд Арабия білім министрлігіне қарасты мектептерде білім алуда қиналатынын хабарлаған.

Сауд Арабиясы жұмысын тоқтататын түркиялық мектептер:

  • Эр-Рияд халықаралық түрік мектебі;
  • Джидда халықаралық түрік мектебі;
  • Тәбук халықаралық түрік мектебі;
  • Даммам халықаралық түрік мектебі;
  • Таиф халықаралық түрік мектебі;
  • Абха халықаралық түрік мектебі;
  • Мекке халықаралық түрік мектебі;
  • Медина халықаралық түрік мектебі.

Сауд Арабиясы мен Түркия арасының алшақтауына не себеп?

Екі елдің ара қатынасы 2018 жылы саудиялық журналист Жамал Хашоггидің Стамбулдағы Сауд Арабия консулдығындағы өлімінен кейін шиеленісе түскен.

Euronews агенттігінің хабарлауынша, Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы шиеленіс екі елдің сауда қатынасына да әсер еткен. Ресми мәліметтерде, Сауд Арабиясының Түркиядан импорты ақпан айында өткен аймен салыстырғанда өскен. Алайда Сауд Арабиясы жариялаған бейресми “амборгодан” кейін бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда едәуір азайған.

Сауд Арабия статистика басқармасы жариялаған мәліметтерде Түркиядан жасалған импорттың ақпан айындағы 14,1 миллион риалдан өткен айда 24,5 миллион риалға (6,53 миллион доллар) дейін өскені жазылған. Дегенмен жалпы жылдық нәтиже бойынша жылдық көрсеткіш 98% төмендеген.

Эр-Рияд Түркиядан келген тауарларға бойкот жариялағанын ешқашан ресми мәлімдемеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз