Өткен тәулікте 5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

0
174
Жедел жәрдем көліктері.

2 қыркүйек күні Қазақстанда 4 930 адам коронавирус жұқтырды. 
Індет жұқтырғандардың жалпы саны 803 601 жетті. 10 161 науқас жазылып шықты. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында – 318, Алматы қаласында – 1287, Шымкент қаласында – 223, Ақмола облысында – 248, Ақтөбе облысында – 339, Алматы облысында – 295, Атырау облысында – 195, Шығыс Қазақстан облысында – 170, Жамбыл облысында – 109, Батыс Қазақстан облысында – 134, Қарағанды облысында – 622, Қостанай облысында – 232, Қызылорда облысында – 112, Маңғыстау облысында – 238, Павлодар облысында – 268, Солтүстік Қазақстан облысында – 70, Түркістан облысында – 70 адам індет жұқтырған.

99 675 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 21 714 пациент стационарда, 77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 547 адамның жағдайы ауыр, 481 пациенттің жағдайы өте ауыр, 255 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 – ші компонентін 6 748 762 адам, 2 – ші компонентін 5 559 692 адам салдырған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз