Қазақстанда өткен тәулікте 762 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 123 097 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
19 қараша таңертеңгі ақпаратта 762 адам вирус жұқтырып, оның ішінде 252 адам Шығыс Қазақстан облысында. Бұдан бөлек 337 адам індеттен жазылып, барлығы 111 172 адамға жетті. Ал, 5 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 1964 адам өлді.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 961 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 992 науқас жатыр. 6 969 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 81
Алматы қаласы – 43
Шымкент қаласы – 7
Ақмола облысы – 42
Ақтөбе облысы – 4
Алматы облысы – 33
Атырау облысы – 17
Шығыс Қазақстан облысы – 252
Жамбыл облысы – 10
Батыс Қазақстан облысы – 40
Қарағанды облысы – 20
Қостанай облысы – 60
Қызылорда облысы – 5
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 65
Солтүстік Қазақстан облысы – 79
Түркістан облысы – 2
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 33
Алматы қаласы – 33
Ақмола облысы – 14
Ақтөбе облысы – 1
Алматы облысы – 7
Атырау облысы – 19
Шығыс Қазақстан облысы – 73
Жамбыл облысы – 4
Батыс Қазақстан облысы – 8
Қарағанды облысы – 25
Қостанай облысы – 34
Қызылорда облысы – 15
Павлодар облысы – 35
Солтүстік Қазақстан облысы – 36
Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 202 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 95 адам. Осылайша елде пневмонияны 40 690 адам жұқтырып, 29 814 адам жазылған.