“Сергек” камераларына “қауіпті автокөлік” функциясы қосылды

0
103

Астанадағы “Сергек” бейнебақылау камералары жүргізуші куәлігінен айырылған астаналықтардың көліктерін (қауіпті автокөлік) анықтай алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram арнасында хабарлады. 

Көліктің иесі, жүргізуші куәлігінен айырылған болса, оның көлігінің мемлекеттік нөмірі “Сергек” камерасының базасына енгізіледі. Камера осындай “қауіпті автокөлікті” байқаған кезде, дереу полиция қызметкерлеріне ақпарат жібереді.

“Екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция қызметкерлері алкоголь немесе есірткі пайдаланып мас күйінде көлік жүргізгені үшін 108 адамды жауапқа тартты. Олардың 9-ы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Біздің басты міндетіміз – қаланы одан да қауіпсіз және жайлы ету” – деді Бектұрова телеграм арнасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз