Өткен тәулікте 804 адам коронавирус жұқтырып, 11 адам қайтыс болды

0
246

3 наурызда Қазақстанда 804 адамнан коронавирус табылды. 46 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 6 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 4 наурыз таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы (121) қаласында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 215 610 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 49 418 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 635 адам қайтыс болған. 42 957 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 19 053 адам (оның ішінде 5826 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 237 адамның жағдайы ауыр, 45 науқастың жағдайы өте ауыр. 51 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз