Қазақстан суперкубогінде “Тобыл” командасы “Қайратты” пенальти сериясында жеңді (видео)

0
228

Футболдан Қазақстан суперкубогінің 1/2 финалында алматылық “Қайрат” пен қостанайлық “Тобыл” командалары кездесіп, 4:2 пенальти есебімен “Тобыл” командасы финалға өтті.

“Тобыл” командасы финалда “Астана” командасына қарсы 6 наурыз күні ойын көрсетеді.

Алғашқы тайм 1:1 есебімен аяқталды. Екінші тайм жандана түсіп бірден екі тараптан екі голдан 4 гол соғылды. Ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды.

Жаңа мәнердегі суперкубок ойынының ережесіне байланысты негізгі уақытты командалар тең нәтижемен аяқтаса қосымша 30 минут ойнамай, бірден пенальти сериясына көшеді. Пенальти сериясында Тобыл командасы басым түсіп, 4-2 есебімен финалға өтті.

Атап өтейік, барлық ойын Түркістан қаласындағы “Түркістан-арена” стадионында өтеді.

Турнирдің ережесі бойынша командалар 3 орын үшін де таласатын болады. Ол, 5 наурызға, ал финал 6 наурызға жоспарланған. Үшінші орынға “Шахтер” командасымен “Қайрат” командасы, ал суперкубок үшін “Астана” және “Тобыл” командалары таласады.

Қазақстан Суперкубогі – 2008 жылдан бері өтіп келе жатқан және бүгінге дейін өзінің бастапқы түрінде сақталған отандық футболдағы жалғыз ауыспалы кубок.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз