22 қарашада Қазақстанда 92 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
23 қарашадағы мәлімет бойынша, 771 адам коронавирус инфекциясынан (–617 + және 154 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 120 пациент стационарда, 651 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.