Qatar-2022: Әлем чемпионатында бүгін төрт кездесу өтеді

0
160
фото: kp.ru

22 қарашада футболдан Қатар елінде өтіп жатқан әлем чемпионатында кезекті төрт ойын өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі. 

Бүгін қазақстандықтар тікелей эфирде келесі матчтартды тамашалай алады:

  • Аргентина – Сауд Аравиясы С тобы (16:00, Qazsport, Qazaqstan телеарнасы)
  • Дания – Тунис D тобы (19:00, Qazsport телеарнасы)
  • Мексика – Польша C тобы (22:00, Qazsport телеарнасы)
  • Франция – Австралия D тобы (01:00, 22.11.2022 Qazsport, Qazaqstan телеарнасы)

Естеріңізге сала кетейік, Қатардағы әлем чемпионаты 20 қарашада басталды. Алғаш болып Қатар мен Эквадор құрамаларының арасында өткен матч 2-0 есебімен эквадорлықтардың жеңісімен аяқталды.

  • Катар – Эквадор (0-2; 20.11)
  • Англия – Иран (6-2; 21.11)
  • Сенегал – Нидерланд (0-2; 21.11)
  • АҚШ – Уэльс (1-1; 22.11)

Әлем чемпионатына іріктеуден өткен 32 елдің құрамасы қатысуда. Олар төрт-төрттен сегіз топқа бөлініп ойнайды.

  • A тобы. Қатар, Эквадор, Сенегал, Нидерланд
  • В тобы. Англия, Иран, АҚШ, Уэльс
  • C тобы. Аргентина, Сауд Аравиясы, Мексика, Польша
  • D тобы. Франция, Австралия, Дания, Тунис
  • E тобы. Испания, Коста-Рика, Германия, Жапония
  • F тобы. Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия
  • G тобы. Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун
  • H тобы. Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз