14 наурызда Қазақстанда 109 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
15 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 664+ және 185 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 718 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.