Астанада «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді

0
126

Елордада 21-23 наурыз аралығында «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Іс-шара ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді. Жәрмеңке 21 наурыз күні сағат 13:00-18:00 аралығында, ал 22 және 23 наурыз күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларының бай таңдауын ұсынады.

Қала тұрғындары үшін еліміздің әр өңірінен бас қосқан ең жақсы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің жаңа өнімдері ең тиімді бағамен қолжетімді болады. Мереке құрметіне барлық тауарларға үлкен жеңілдіктер жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз