Қытайда бір тәулікте 32 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

0
126

Қытай билігі бір тәулікте 31,7 мыңға жуық адамға коронавирус жұққанын хабарлады. Бұл туралы Қытайдың денсаулық сақтау және тазалық мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Ковид жұқтырғаны анықталған адамдардың 87 пайызында ауру белгісі байқалмаған. 23 қарашада Қытайда бір науқас COVID-19-дан қайтыс болған. Елде коронавирустан өлгендер 5 232-ге жетті.

Қытайда бұған дейін COVID-19-дың таралуына қатысты ең жоғарғы көрсеткіш 14 сәуірде тіркелген. Сол күні 29 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған.

23 қарашадағы ақпарат бойынша, Қытайда 19 мың коронавирус ошағы анықталды. Жарты жыл бұрын 56 ғана болған.

Елде вирустың таралуын бақылауда ұстау қиындап барады. Статистикаға сәйкес, науқастардың 90 пайызында кесел белгілері білінбейді.

Қытай билігі COVID-19-ға қатысты қатаң саясат ұстанып отыр. 2022 жылы Шанхайда локдаун жарияланып, қала тұрғындары бірнеше апта бойы пәтерден шықпай отырды.

Коронавирус індеті үш жыл бұрын басталды. Коронавирус індет деп танылғалы бері әлемде 650 миллион адам осы ауруға шалдықты, алты жарым миллионнан астам науқас қайтыс болды.

COVID-19 ең алғаш таралған Қытайда 288,5 миллион адам вирус жұқтырды, бес мыңнан астам науқас қайтыс болды. ДДСҰ мәліметінше, ҚХР-да COVID-19 жұқтырғандар саны тамызда көбейе бастаған. Жақында мамыр айынан бері алғаш рет бір науқас осы кеселден көз жұмды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз