Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар көбейді

0
101
Photo: Cabar.asia

Бір аптадан бері Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар қайтадан көбейе бастады. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 24 қарашада 98 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған.

Кейінгі бір аптада 482 адам ауруханаға жатқызылса, 358 науқас жазылып шыққан. Бұдан бөлек 2 310 адам карантинге алынып, 1 306 адам карантиннан шығарылған. Бұл жөнінде Өзбекстан санитария-эпидемиология жағдайын жақсарту және қоғамдық денсаулық қызметі жетекшісінің орынбасары Нурмат Отабеков хабарлады.

“Соңғы 14 күнде Өзбекстанда вирустың жайылу көрсеткіші 2,0-ді құраған (ДДСҰ көрсеткіші бойынша 1,0 болса, ахуал тұрақты деп есептелінеді). Қазір коронавирусты емдейтін стационарларда 539 пациен жатыр, 187 адам үйде емделіп жатыр” деді Нурмат Отабеков.

COVID-19 індеті басталғалы бері елде 245 665 адамға коронавирус жұққан, 243 234-і айыққан. 1 637 адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз