ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті басталды

0
122
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысушылардың суретке түскен сәті. Photo: Bort #1

16 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі Саммитінің шағын құрамдағы отырысы басталды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Конгресс орталығында» Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Photo: Bort #1
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі Саммитінің шағын құрамдағы отырысы.

Ұйымға мүше мемлекеттер: Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан, Пәкістан, Иран, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан.

Жиында бақылаушы ретінде Беларусь және Моңғолия мемлекеттері қатысып жатыр.

Ал Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан және Армения басшылары құрметті қонақ ретінде шақырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз