Қазақстан биылдан бастап алдағы үш жыл бойы Халықаралық Аралды құтқару қорына басшылық жасайды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ президенті болып сайланды.

Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан құрамына кіретін Халықаралық Аралды құтқару қоры Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысады.

“Біз Орталық Азия мемлекеттерімен, басқа да халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен ынтымақтастықты арттыруды жоспарлап отырмыз. Биыл Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін бастауды жоспарлап отырмыз. Арал теңізін құтқару – бұл ХАҚҚ-ға қатысушы барлық елдің бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана орындалатын міндет. Алдағы үш жылда біз осы бағытта маңызды нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз”, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз