1 наурыздан 30 сәуірге дейін Қазақстанда француз тілі мен мәдениеті фестивалі өтеді

0
134
фото: travelask

«Франкофония көктемі-2023» мәдени іс-шаралар маусымы аясында 1 наурыздан 30 сәуірге дейін Қазақстанда француз тілі мен мәдениеті фестивалі өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі. 

Франция ұсынатын іс-шаралар туралы осы елдің Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс айтып мәлімдеді.

Оның сөзінше, биыл Қазақстанда «Франкофония көктемін» 9 елшілік ұйымдастырады.

“Әлемде 320 миллионнан астам адам француз тілінде сөйлейді. Бұл өте көп. Француз тілі 29 мемлекетте ресми тіл мәртебесіне ие, әлемдегі ең көп таралған бесінші. Сонымен қатар француз тілі интернетте қолданылатын төртінші тіл және әлемде ең көп оқылатын екінші тіл болып саналады”, – дейді елші.

Іс-шаралар Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және Шымкент қалаларында өтеді.

Франция франкофонды кино апталығы аясында 9 фильм көрсетеді.

Сондай-ақ 7 наурызда Алматыда «Әйелдердің спорттағы орны» фильмі көрсетіледі, одан кейін әйелдер құқығын сақтау тақырыбында талқылау өтеді.

Елші 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындарына 500 күн қалғанда Алматы қаласында мектеп оқушыларының қатысуымен эстафета ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз