8 желтоқсанда астанадағы Nomad City Hall залында өткен “Алтын домбыра” республикалық ақындар айтысында Мұхтар Ниязов үшінші мәрте жеңімпаз атанды.
1-орынды Бекарыс Шойбеков, 2-орынды Еркебұлан Қайназар, 3-орынды Серік Қуан иеленді.
Дариға Мұштанова, Серік Ыдырысов, Ақмарал Леубаева, Әбілхайыр Сыздықов, Жібек Болтанова секілді айтыскерлер “Қазақстан республикасы мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, 3-4 қараша күндері айтыстың іріктеу кезеңіне қатысқан 10 жұптың, яғни 20 ақынның өнерін тамашалаған қазылар алқасы жартылай финалға 8 ақынды (4 жұп) іріктеп алды.
Айтыс пандемияға байланысты көрерменсіз өтті.
Айтыс – қазақ руханиятының алтын қазынасы, мәдени мұрасы. Ғасырдан ғасырға, атадан балаға және заманнан заманға ұласып келе жатқан асыл мұра, өз бойына өнердің бірнеше түрін қамтыған жас ақын-жыршылардың тәжірибе мектебі.