Германияда «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті

0
74

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігімен бірлесіп Н.Ә. Назарбаевтың неміс тілінде жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Тұсаукесер рәсімі «Қазақстан: болашаққа ұмтылған ел» ғылыми- тәжірибелік конференциясы аясында Гумбольдт атындағы Берлин Университетінде ұйымдастырылды

Іс-шараға ҚР ГФР Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Нүсіпов, Гумбольдт атындағы Берлин Университетінің вице-президенті, профессор Петер Френш, ГФР Үкіметінің Ресей, Орталық Азия елдерімен және «Шығыс серіктестік» қоғамаралық ынтымақтастық бойынша уәкілетті Дирк Визе, ГФР СІМ Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша уәкілетті Михаэль Зиберт, Герман Бундестагының «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы, Бундестагтағы ХДО/ХӘО фракциясы төралқасының мүшесі Манфред Грунд, бұрынғы мемлекеттік министр Гернот Эрлер, ГФР экономика және технологияның бұрынғы Федералды министрі Михаель Глос, Қазақстан-Герман достық қоғамының төрағасы, Бундестаг депутаты Карин Штренц, Бундестаг депутаттары Андре Хахн және Армин-Паулюс Хампель, «Schneider Group» компаниялар тобының Бас директоры және құрылтайшысы, Шығыс комитеті еуразиялық тобының жетекшісі Ульф Шнайдер, ГФР министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз