Отандық режиссер Ақан Сатаев «Томирис» кинокартинасында аталған бас кейіпкердің рөлін сомдайтын актрисаны таныстырды.
Сатаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Томиристің» рөлін сомдайтын актриса Альмира Тұрсынды таныстырғым келеді деп жазады.
Режиссердің айтуынша, басты рөлді сомдаушы актрисаны Instagram желісі арқылы тапқан. Кастинг-директордың хабарласуымен, А. Тұрсын Астанада өткен іріктеу сынына келген, кейіннен қыркүйекте іріктеудің екінші кезеңінен өтіп, шынықтыру лагеріне жіберілген.
Ал желтоқсанда басты рөлді сомдаушы болып Бас продюсер Әлия Назарбаева және режиссер Ақан Сатаевтың бекітуімен Альмира Тұрсын таңдап алынған. Режиссердің айтуынша, бұл А. Тұрсынның кинодағы алғашқы дебюты.
Атап өтерлігі, өткен жылдың мамыр айында Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Sataifilm» компаниясымен бірлесіп «Томирис» ірі масштабтағы көркем фильмін түсіретіндерін айқын етті.