Мектеп бітіру шарасы өзге елдерде қалай аталып өтіледі

0
551
Әр елдің салты басқа…
«Соңғы қоңырау» мерекесі — мектеп бітіріп жатқан балалардың да, олардың ата-аналарының да өміріндегі ең бір есте қаларлық оқиғалардың бірі. Мектепті бітіру балалықпен қоштасуды және ұлы істер мен жаңалықтарға жол бастайтын алғашқы қадамды білдіреді.
Мектеппен қоштасуды әр елде әрқалай атап өтеді. Бәзбіреулер таң атқанша дүрілдетіп тұрып тойлайды, енді біреулер үшін «Соңғы қоңырау» — бұл мектептегі оқу бағдарламасының және тіпті бітіру емтиханының үлкен бір бөлігі. Қалай болғанда да, түлектер үшін жаздың алғашқы айы мектепті бітіру қамымен жүретін жайдары мезгілді білдіреді. Сценарийлер әзірленіп, мектеп бітіру салтанатына киілетін көйлектер алынады, кешегі оқушылар мектептегі ең жақын достарына мәңгі дос болып қалуға серттесіп жатады.
Әрбір елде мектеп бітірудің өзіндік ерекше дәстүрлері бар. Бұл ресми де бейресми дәстүрлерге қатысты. Әр елдің өзінің ешкімде жоқ немесе кейде күлкілі болып көрінетін әдет-салттары мен бітіру кешінде киетін костюмдерінің арнайы аксессуарлары бар. Солардың ең ерекшелері мен көңілді өтетіндерін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Мектеп бітіруді Қытайда қалай атап өтеді

Қытайда көпсатылы білім беру жүйесі болғанымен, жоғары мектеп деп аталып кеткен сатыны аяқтау негізгі мектеп бітіру болып саналады. Оқушылардың барлық туыстары мен достары шақырылатын бітіру емтиханы мерекелеудің ресми бөлімін құрайды. Одан соң оқушыларға мектеп бітіргені жөніндегі құжаттар табыс етіледі. Ресми түрде марапаттау салтанатына оқушылар мантия мен академиялық қалпақ киіп барады. Ал бітіру кешінде бозбалалар костюм, бойжеткендер некеқияр көйлегін киіп жүреді.
Щвецияда мектеп бітіруді қалай атап өтеді

Сандинавия елдерінде түлектерді «өмір теңізіне» әрқайсысына сәйкесті теңізшінің қалпағын кигізіп жібереді. Кешегі оқушылар өз мектебінің алдынан шерулетіп өтіп, сыныптастар міндетті түрде ән салады. Осыдан кейін түлектердің ата-аналары әрқайсысына ерекше «бой жету» аттестатын — балалық шағындағы ең ұялтып-қызартатын суреттерін тарту етеді. Жақын туыстары мен достары оларға әр түрлі сыйлықтарды табыстайды, оларды міндетті түрде мойындарына іліп алуы керек . Сосын барып түлектер бүкіл қала келіп көретін жалпы қалалық шеруге қатысады.
Мектеп бітіруді Жапонияда қалай атап өтеді

Күншығыс елі түлектерін бәрінен бұрын ұшырады. Жапонияда оқу жылы көктемде басталатындықтан, мектепті бітіру уақыты наурыз айы. Бітіру шарасы ресми түрде өтеді және ол бітіру емтиханының құрамына кіреді. Жапондар өздерінің мәдени дәстүрлерін мақтан тұтады, сондықтан бәрі өте салтанатты жағдайда өтеді. Түлектер ән шырқалып, халықтық билер биленетін айрықша хореографиялық шеру жасайды. Жігіттерге іскерлік костюмді ғана, ал қыздарға тек кимоно киюге болады.
Мектеп бітіруді Аргентинада қалай атап өтеді

Аргентиналық оқушылардың, дәлірек айтсақ, олардың ата-аналарының бағы жанған деуге болады. Бұл елде мақтану, сәнді де салтанатты мектеп бітіру көйлектері мен костюмдерін кию ерсі саналады. Бұның себебі мектепті бітіргені жөніндегі құжаттар тапсырылуына ұласатын ерекше дәстүрде. Соңғы қоңырау соға салып, кешегі оқушылар бір-біріне шәрбат, шырын және кетчуп шашады. Шикі жұмыртқа, тәтті нандар және басқа тағамдар тонна-тоннасымен ағып жатады жатады. Обал. Бәрі біткен соң, шаршаған, бірақ риза көңілді түлектер сол күйінде қала көшелерін аралауға шығады.
Филиппиндіктер мектеп бітіруді қалай атап өтеді

Жапониядағы сияқты Филиппиндіктердің де салтанатты шаралары көктемде өтеді. Ондағы мектептегі соңғы мерекенің ресми және еркін бөлімі бар. Ресми бөлігінде оқушыларға дипломдар және тропикалық климат пен мектептің аяқталғанын білдіретін арнайы медальдар — леялар табысталады. Салтанатты шара аяқтала салысымен түлектер мен олардың жақын туыстары мерекені өз отбасында атап өту үшін үйді-үйлеріне тарайды.
Германия

Германияда бітіру салтанаттары әрқалай өте береді. Ресми бөлігі турасында айтсақ, ол бүкіл елде біркелкі өтеді — академиялық киім және төртбұрышты шляпа. Ал салтанатты мерекеден соң тойлау түрі әр алуан болып кетеді. Әр мектеп «соңғы қоңырауды» өзінше атап өтеді. Кейбіреулер сән-салтанатты бітіру балын өткізеді де, сыныптастар таң шапағын қарсы алуға кетеді. Басқа мектепте арнайы сахналық киімдер киетін кеш дайындайды, келесі мектепте бәрін, мұғалімдерді де, фломастермен беті-басын шимайлап, әуіттегі суға лақтыратын өзінше бір ереуілмен тынады.
Мектеп бітіруді Англияда қалай атап өтеді

Консервативті Ұлыбритания мектеп бітіру мерекелерін жақтырмайды және жоғары оқу орнын бітіргендерге ғана атап өтуге кеңшілік жасайды. Жоғары мектепті бітірудің ресми бөлігі ғана бар, ол аяқталған соң түлектер көңіл көтеріп, қыдыру үшін қаланы аралап кетеді. Кейбір көңіл жарастырған қыз-жігіттер немесе жақсы достар ата-аналарынан жырақта болу және университтерге түсер алдында демалып сергу үшін Европа елдеріне бір аптаға сапарға шығып қайтуы мүмкін.
АҚШ мектеп бітіруді қалай атап өтеді

Америкалықтар ерекше жағдайларды тойлау тұрғысында бізге жақын екен. Олар үшін мектеп бітіру — Айға ұшқанға парапар. Оған барын салып және алдын ала дайындалады. Мектеп бітіру кеші елдегі ұлттық мерекенің ар жақ-бер жағында тұр. Мектеп бітіру салтанатының ресми және бейресми (бітіру балы) бөліктерімен арнайы комитеттер айналысады. Олардың тәртіптемелері (регламент) үтір-нүктесіне дейін жазулы. Балға тек өз жұбыңмен ғана баруға болады, оның үстіне бөгде қызбен немесе жігітпен билеуге болмайды. Ал түлектер балдың патшасы немесе патшайымы атағын алуды Оксфордқа оқуға түсуден көбірек армандайды.
Израильде мектеп бітіруді қалай атап өтеді

Израильдік мектеп бітіру салтанаты ерекше өтеді. Оған үлкендерден гөрі балалар көбірек дайындалады. Көбінесе оқушылар өздерінің ата-аналарына арнап мектеп бітіру сахналық көрінісін әзірлейді. Бұндай шараға театрландырылған қойылым, концерт, мюзикл т.б. көрсетілуі кіруі мүмкін. Бұлар мектеп театрларында немесе теңіз жағасында көрсетіле береді. Айта кетерлігі, мектеп бітірген соң бәрі, қыздар да, израильдік әскерде қызмет етуге міндетті. Жақсы дәстүр, одан бас тартып бұлтару ешқайсысының қаперіне де кіріп шықпайды.
Мектеп бітіруді Оңтүстік Кореяда қалай атап өтеді

Мектеп бітіру шарасы Оңтүстік Кореяда да ерекше екен. Шара таңертең, күн шыға сала басталады. Түске дейін мектепті бітіргенін куәландыратын құжаттар табысталатын ресми бөлігі аяқталады. Бұның бәрі оқушылардың туысқандары мен отбасыларының жақын араласатын дос-жарандарының көзінше болады. Мектептің әнұраны шырқалады, оқушылардың мұғалімдері мен ата-аналарына құрмет көрсетіледі, сосын ең қызығы басталады. Соңғы қоңырау соғылған кезде түлектер бір-бірін шикі жұмыртқамен атқылап, ұнға аунатады. Осыдан кейін жек көретін оқулықтар өртеліп, әбден мезі қылған мектеп формасы күл-паршасы шығып жыртылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз