Нұрсұлтан Назарбаев режиссер А.Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» фильмін көруге барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Бұл картина – «Елбасы жолы» киноэпопеясының бір бөлігі.
«Елбасы жолы. Астана» фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.
Бұған дейін режиссер Ақан Сатаев “Елбасы жолы. Астана” кинокартинасының постерін назарға ұсынған еді.