Нұр-Сұлтанда “Мұқағали” фильмінің премьерсы өтті

0
118
Мұқағали Мақатаев. Photo: Video screen

18 қазанда астанадағы Сарыарқа кинотеатрында “Мұқағали” көркем фильмінің премьерасы өтті. Биыл ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. 

Мақатаевтың поэзиясы бүгінгі таңда көптің жүрегінен орын алып, қуанышы мен қайғысына бөлісетін жан серігіне айналды.  Ақынының ғұмыры арқылы әрбір адамның ұмыт болған  сағынышын, елге деген махаббатын мейірімін еске салады. Шығармашыл жанға талант берсе тағдырын алады. Тұңғыш ұлы Айбарды Мағжан Жұмабаевтың өлеңін білгені үшін халық жауының баласы деп айыптаған. Екінші басына түскен сынақ кенеттен қайтыс болған қызы Майгүлге өлеңін арнаған. Тағдыры түрлі сынақпен өткен Мұқағали Мақатаев 45 жасында өмірден озды.

Алғашқы көрсетілімге зиялы қауым өкілдері, ақын, жазушылар қатысты. 

Ел жүрегінде мәңгі қалатын ақиық ақындардың тағдыры туралы фильм түсіру бастамасының жаңа парағы десе болғандай. Мұнда сценарий авторы – жазушы Жүсіпбек Қорғасбек пен режиссер Болат Қалымбетовтің еңбегі.

Бұл фильмді арнайы Мұқағалидің көрермендеріне арнап түсірдік. Ақынның өлеңдері жан тебірететіндей оқығың келе береді. Алайда ақынның қандай қиын жолдан өткенін ешкімнің хабары жоқ. Ендігі премьера Алматыда өтеді”, – деді фильм режиссері Болат Қалымбетов. 

Фильмдегі кадрлардың көбі Алматыда өрбиді. Дегенмен Алматыда толық түсіруге мүмкіндік болмағандықтан түсірілімнің кей бөлігі Өскеменде өткен.

“Ол кісінің өмірі, тағдыры оңайға соқпады. Маңдайына жазылған небір жағдайды басынан өткерді. Ал мұны актер ретінде көрсету қиынға соқты. Бірақ ақынның халыққа деген ықыласын, поэзияға деген махаббатын жеткізе білдік деп ойлаймын”, – деді Мұқағалиды ойнаған актер Абылай Жанбалаев.

Muqagali фильмнің түсірілімі 2019 жылдың жазында басталған. Туынды 21 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз