Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттілігі бар жандарға “Qanattylar” инклюзивті театры ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
“”Жастар” театрында “Qanattylar” инклюзивті театры ашылды. Инклюзивті театрдың артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың әлеуетін ашу, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беру. Олар өткізілген сабақ есебінен де өзіндік оңалту алады”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
Осылайша сахнада көру, есту, сөйлеу мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ арбаға таңылған жандар өнер көрсетеді. Театр базасындағы мұндай адамдар сахналық өнермен, хореографиямен айналысады, мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.