29 мамыр Астанада “Ұлы дала бірлігі” ашық аспан астындағы шоу-концерт өтті. Аталған концерт Астана қаласының 20 жылдығына тарту. 6 сағат бойы жанды музыка алаңға жиналған 100 мыңға жуық адамға әдемі әсер сыйлады. Отандық сондай-ақ көршілес Ресей елінен келген эстарада жұлдыздары әдемі әннен шашу шашты.
Open Air ашық аспан астындағы концерт елордада қатарынан 4 жыл бойы Астана күні қарсаңында өткізіліп келеді. Өткен жылы аталған шоу-концертке қатысуға 50000-нан аса көрермен келген. Осы жылы шоу-концертке шамамен 30-ға жуық отандық эстрада жұлдыздары және Ресейден келген өнер жұлдыздары қатысты. Алаңға 80 мыңға жуық көрермен жиналған.