Президент Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

0
243
photo: tg/ Борт N1

24 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра (кіші) қажылығын өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді”, – делінген президент баспасөзінің таратқан ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні президент Тоқаев Сауд Арабиясына Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми түрде барған еді.

photo: tg/ Борт N1
photo: tg/ Борт N1
photo: tg/ Борт N1

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз