Халық сүйіктісі Роза Бағланова өз әндерін әлемнің 25 тілінде орындаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақ елін дүние жүзіне таныстырып, паш еткен Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына биыл 100 жыл толып отыр.
Ғұмырының 70 жылдан астам уақытын киелі сахнаға, қасиетті ән өнеріне арнаған қазақ қызы Кеңес Одағы халықтарының тілінде, сонымен бірге чех, швед, венгр, қытай, моңғол, корей, үнді… 25 тілде ән шырқаған. Әлемнің 54 елінде болып, бірнеше мемлекеттің «Халық әртісі» атағына ие болған. Шетелдіктер Розаны қызғалдаққа теңеген.
Роза Тәжібайқызының орындауындағы «Домбыра», «Сәулем-ай», «Кел, біздің ауылға», «Әлі есімде», «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Ақтамақ», «Асыл арман», «Аялап тербеткен», «Әдемі-ау», «Іңкәрім», «Ах, Самара городок», «Танцуй, танцуй», т.б. әндерін халық сүйіп тыңдайды.