Оңтүстік Кореяның Ұлттық музейінде тұңғыш рет “Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары” көрмесі ашылды. Сеулде Қазақстанның алғашқы мәдени көрмесін ұйымдастыруға шамамен бір жыл уақыт қажет болды. Мұнда Қазақстаннан құны миллион доллар тұратын экспонаттар жеткізілді.
“Алтын адамды” алып келу өтініші Оңтүстік Кореяның музей басшылығынан түскен. “Алтын адаммен” қоса мұнда тағы 457 ежелгі жәдігер жеткізілді. Құнды жүкті тасымалдау үшін неміс авиакомпаниясының арнайы ұшағы және қарулы күзет қажет болған.
Көрменің ашылуы рәсіміне «Сазген Сазы» фольклорлық ансамблі қатысты. Әртістер Абайдың әуенімен бірге ең танымал «Ариран» корей халық әнін орындады.
“Қазақстанның мақтанышы мен символына айналған “Алтын адаммен” таныстыруға мүмкіндік беру үшін Қазақстан Республикасының Президентіне, Мәдениет министріне және Ұлттық музейіне алғысымызды білдіреміз. Көрмеге келіп Корея азаматтары Қазақстан мәдениетін біліп, Корея және Қазақстанның алтын мәдениеті арасындағы байланыстарды табады және еуразиядағы көшпелі мәдениетпен танысады”, – деді Корея Республикасы Ұлттық музей директоры Пе Ги Дон.