Елордада мәдениет күндері жалғасын табуда. Осыған орай “Қазанат” қалалық ипподромындағы этноауылда қолданбалы қолөнер бұйымдары мен музейлер қорынан құнды жәдігерлердің жылжымалы көрмесі өтіп жатыр. Аталған көрме Астана тойына Жамбыл өңірінің тартуы. “Zhambylnews” АА тілшісі хабарлағандай қала тұрғындары көрмені бүгін сағат 18:00 ге дейін тамашалай алады.