Жастар театрында «Құдалар» қойылымы

0
339

11 маусым «Жастар театрында»  Е.Уахитовтың «Құдалар» комедиясының II премьерасы қойылды. Қойылымның алғашқы көрсетілімі 28 мамыр күні өтті. Басты кейіпкерлерді театр және кино актерлері  Жандәулет Батай мен Азамат Есқұлов сомдады.

Комедияда Момын атты өзбекпен Абдусалам атты қазақ көршілер  күтпеген олжаға кенеледі, құдаласамыз деген сертінен безіп сергелдең күйге түседі. Бәріне себеп үй арасын бөліп тұрған дуалдың астынан ат басындай алтынның табылуы. Әурелік пен сарсаңға толы комедия көрермен қауымды бірден үйіріп әкетті. Көпшілікке күлкі сыйлап, астарлы ақиқат айтылған спектакльге көрермен ұзақ уақыт қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

 

Қоюшы режиссері –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай:

” Бұл кеңес заманында әлемге қойылған спектакльдің бірі. Бұны мен бала кезімде көрген едім.Екі халық бір-бірінің қуанышына қуанып, ренішіне ортақ болып жүрген халық едік, кейін біраз уақыт байланыс үзілді. Бірақ қазір шекара ашылды, қайтадан байланыс орнады.Негізі екі көршіде  өзбек болуы керек еді бірақ мен  бауырлас елге достығымызды паш етейік деген ниетпен біреуін қазақ қылдым”

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз