Соңғы 7 жылда 55 мың сириялық Түркия азаматтығын алды. Бұл туралы Түркияның билеуші Әділет және өркениет партиясының депутаты Атай Услу мәлімдеген.
Сондай-ақ, Ол 2011 жылдан бастап Сирияда жалғасып келе жатқан азаматтық соғысқа байланысты Түркияға қоныс аударған 3.5 миллион сириялыққа Түркия азаматтығын беру туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Сириядағы азаматтық соғыз жеті жылдан бері жалғасып келеді. Алғашқы толқулар тек үкіметке қарсы акция болып басталған митинг, наразылық танытушыларға қарсы күш қолданған мемлекет әскерінің әрекеттері келе-келе азаматтық соғысқа ұласты. Алғашқы ел үкіметіне қарсы бас қосу 2011 жылдың 26 қаңтарында басталған болатын. Бұл наразылық шерулері жалғаса келе 15 наурызда ел билеушісі Башар Асадқа қарсы бағытталған бүкілхалықтық көтеріліске алып келді.
Бүгінде «Сирия» десе «соғыс аренасы» іспетті көретініміз рас. Сол «Соғыс аренасына» айналған Сирияға азаматтық қақтығыс орасан зор салдарын тигізді. Елдің түкпір-түкпірінде миллиондаған адам қаза тауып, ел экономикадан жұрдай қалды. Азаматтық соғысқа билік оппозицияны, оппозиция билікті кінәлады. Елде зорлық-зомбылық күн санап артып, елді гүлдендірмек болған өңкей бүлікшілер өз ішінен шіри бастады. Ауызбіршілік пен бірлік әлсірегенде, әп сәтті террорлық топтар пайда бола кетті. Миллиондаған Сирия халқы бір жыл ішінде тарыдай шашылып, елден безіп кетті. Бүгінде, сарапшылардың пікірінше ел 50-60 жылға артта қалған.
Дерек көзі: mk-turkey.ru