Индонезияның Ломбок аралындағы жер сілкінісінен құрбан болғандардың саны 90-ға жетті.
Би би си орыс тілді ақпараттық агенттігінің таратқан мәліметтеріне сәйкес табиғат апаты салдарынан 90 адам көз жұмып, тағы ондаған адам зардап шеккен. Бірнеше мыңдаған адам қауіпсіз қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Елдің төтенше жағдайлар қызметі құрбандар санының әлі де артатынын жоққа шығармайды.
7 балдық қуатты жер сілкінісінен кейін аймақта 130-ға жуық ұсақ жерасты дүмпулері қайталанған.