Ақмола облысы Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
96

20 қараша Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин ҚР Президентi Әкмшiлiгiнiң және аудандық мәслихат депутаттарының келiсiмiмен Есiл ауданына жаңа әкiмдi тағайындады, деп хабарлайды Ақмола облысының баспасөз қызметі.

Талғат Аманбайұлы 1974 жылы Целиноград облысы, Астрахан ауданында дүниеге келген. Бiлiмi жоғары. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Ақмола аграрлық университетiн, Астана қаласындағы Басқару институтын бiтiрген.

Еңбек жолын Астрахан ауданы әкiмдiгiнде маман болып бастаған. 1997-2007 жылдар аралығында Астрахан аудандық салық комитетiнде жауапты қызметтер атқарып,2007 жылы аудандық мәслихат хатшысы болып тағайындалды. 2009-2012 жылдары Астрахан ауданы әкiмiнiң орынбасары, 2012 жылдан берi Астрахан ауданының әкiмi лауазымын атқарды.

Аймақ басшысы, жаңа тағайындалған аудан әкiмiнiң басқару iсiнде мол тәжiрибесi бар екенiн алға тартып, Талғат Ерсейiтов пен аудан активi алдында бiрқатар мiндет жүктедi. Алдымен аймақ басшысы, Есiл ауданында аймақтағы ең iрi астықты алқаптардың бар екенiн айтып, ауыл шаруашылығы саласында терең өңдеудi одан әрi дамытудың қажеттiлiгiн атап өттi.

Ақмола облысының әкімі “Биыл ауданда жаңа қазандықтың қурылысы аяқталуға жақын, оны уақытында пайдалануға беру керек, шағын және орта бизнестi одан әрi дамыту қажет, ауданда жаңа жобаларды да жүзеге асыруды көздеп отырмыз, осының барлығын бiрлесiп атқарып халықтың игiлiгi жолындағы еңбектерiңiзге сәттiлiк тiлеймiн”- деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз