АҚШ-тың “магнитский заңының” санкциялар тізімі бес адамға толықты, оның ішінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та бар, деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ санкция енгізгіндердің қатарында Аюб Катаев, Юлия Майорова, Андрей Павлов және Алексей Шешени бар. Бұл адамдардың қызметтері санкциялар тізімінде көрсетілмген.
АҚШ 2012 жылдың желтоқсанында «Магнитский заңын» күшіне енгізген болатын. Онда америкалық биліктің пікірінше, адам құқықтарын бұзған ресейліктерге қарсы санкциялар ұсынылады. Ресей билігі өз тарапынан «Магнитский ісін» саясаттандыруға жол бермеу туралы бірнеше рет мәлімдеген.
Бірнеше ай бұрын «Магнитский заңына» жаһандық мәртебе берілді. Яғни оған қатысты санкциялар тек ресейліктермен шектеліп қана қоймай, адам құқықтарын бұзатын барлық елдерге қарсы пайдалану мүмкіндігі берілді.
Соңғы рет «Магнитский заңының» тізімі ағымдағы жылдың қаңтар айында кеңейтілген болатын.
Жадыра Аманбайқызы