АҚШ-та Қазақстан азаматы лаңкестік ұйыммен сыбайластығы үшін жазаланды

0
48
дереккөзден

Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов «Ислам мемлекеті»* террористік ұйымына қолдау көрсету мақсатында келісім жасағаны үшін 15 жыл бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бейсенбіде Нью-Йорк штатының Шығыс ауданы прокуратурасы хабарлады, деп жазады ТАСС.

Прокуратурада Бруклин федералды сотының ғимаратында Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов тыйым салынған шетелдік лаңкестік ұйым «Ислам мемлекетіне»* материалдық көмек көрсету мақсатында келісім жасағаны үшін 15 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарланады. Бұдан өзге «жазасын өтегеннен кейін Қазақстан азаматы АҚШ аумағынан шығарылады», – деп мәлімделеді. Прокуратура растағандай, 22 жастағы А. Сайдахметов бұрын аталған айып тағылған Нью-Йорк аумағында тұрған адамдармен келісім жасаған.

Сайдахметов 2015 жылы ақпанда Джон Кеннеди атындағы Нью-Йорк әуежайында тұтқындалған. АҚШ билігі Сайдахметов Түркияға ұшатын ұшаққа отырып, әрі қарай шамамен Сирияға бет алған деп мәлімдеді. Прокуратураның мәліметіне сәйкес, қазақстандықпен бірге ұшаққа Өзбекстан азаматы Абдурасул Джурабоев та билет алған. Екі азаматты да Америка билігі АҚШ аумағында шабуыл жасамақ болған ИМ* (Ислам мемлекеті – Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) сыбайластары деп есептейді.

Джурабоев 2016 жылдың тамызында өз кінәсін мойындады. Оған да 15 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз