АҚШ сыртқы істер министрлігі “АҚШ Солтүстік Кореяға соғыс жариялады” деген сөзді теріске шығарды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Шығыс Азия және Тынық мұхиты өңірі істері жөніндегі бюро төрағасы Катина Адамс «АҚШ Солтүстік Кореяға соғыс жариялаған жоқ» деген мәлімдеме жасады.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберу туралы сөзін Пхеньянға соғыс жариялау деп ұққан болатын.
КХДР басшысы: «Дональд Трамп Солтүстік Кореяны жойып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсету арқылы бізге соғыс жариялады. Біз де өз тарапымыздан тарихымызда болмаған қатаң шараларды қолданатын боламыз», – деп жауап қатқан болатын.