«Мен Головкиннің жанкүйерімін» – Майк Тайсон

0
71

Бокстан өте ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы америкалық Майк Тайсон өзіне казақстандық боксшы Геннадий Головкиннің стилі ұнайтынын айтты.

Тайсон, Головкин қазіргі заманғы бокста салмақ категориясына (pound-for-pound) қарамастан, үздік болып саналады, деп мәлімдейді Vesti.kz тілшісі.

«Мен Головкиннің жанкүйерімін. Бүгінгі таңда ол pound-for-pound-та ең үздік боксшы. Ол шаршы алаңда тек жауынгер ғана емес, нағыз жаналғыш. Ол шаршы алаңға жеңіске жету үшін емес, қарсыласын жою үшін шығады. Головкин көрерменнің қалауын бере алады», – деп келтіреді Тайсонның сөзін Notifight.

Бұрынғы орташа салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық боксшы Фернандо Варгас жекпежектегі қарқыны үшін Головкинді Тайсонмен салыстырған. WBA, IBF және IBO дәрежелеріндегі британдық ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа да екі былғары қолғап шеберлерінің ұқсастықтарын байқаған.

Отандасымыз GGG болса, өзін екінші Тайсон санамайтынын мәлімдеген еді.

 

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз