Енді футболшыларға көк қағаз көрсетілуі мүмкін

0
28
E+/simonkr

Енді футболшыларға көк қағаз көрсетілуі мүмкін.

Telegraph Sport-тың хабарлауынша, ойын ережелерін жасауға жауапты Халықаралық футбол кеңесі (IFAB) футболға көк қағаз енгізуді мақұлдады. Бұл қағаз 1970 жылғы әлем чемпионатында енгізілген сары және қызыл қағаздардан кейін футболда қолданылатын жаңа қағаз болмақ.

Көк қағаз ойыншыға шабуылды тоқтататын қасақана фол жасағаны үшін, сондай-ақ төрешілерге дөрекілік танытқаны үшін көрсетіледі. Көк қағаз алған ойыншы 10 минутқа алаңнан қуылады. Ал егер матч кезінде екі көк немесе сары және көк қағаз алса, олар қызыл қағазға айналады.

Бастапқыда көк қағаз Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы секілді жоғары дәрежедегі сайыстарда қолданылмайды. Себебі УЕФА президенті Александр Чеферин көк қағаздың енгізілуіне үзілді-кесілді қарсы екенін айтқан болатын. Дегенмен, еуропалық басқару органы көк қағазды ойын ережелеріне қосатын болса, УЕФА жарыстарына күштеп енгізуі мүмкін. Ал әзірше көк қағазды жазда Англия кубогына енгізіп, сынақтан өткізу жоспарланған. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз