Солтүстік Корея АҚШ-қа ескерту жасады

0
110

Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ли Ён Хо Америка құрама штаттарының әскери ұшақтары Солтүстік Кореяның әуе кеңістігіне кірмесе де оларды атып түсіруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

«Біріккен ұлттар ұйымы мен өзге де әлемдік қауымдастықтар Корея Халық Демократиялық Республикасы (КХДР) мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) ішінара жасасқан ескертулері шындыққа айналып, жүзеге асырмас үшін біршама істер атқарып жатыр. Дегенмен де бірінші болып Солтүстік Кореяға қарсы соғыс жариялаған АҚШ болатын. Мұны бүкіл әлем естен шығармауы керек. Осыған орай Пхеньян американың әскери ұшақтары Солтүстік Кореяның әуе кеңістігіне кірмесе де атып түсіруге құқымыз бар», – дейді Ли Ён Хо.

Айта кетейік, Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Бас ассамблеясында АҚШ президенті Дональд Трамп «Солтүстік Корея мемлекеті АҚШ-қа қауіп төндіруін доғармайтын болса, онда ол мемлекетті толығымен жойып жіберуден басқа шарамыз қалмайды. АҚШ-тың бұған күші де шыдамы да жетеді» деп, Солтүстік Кореяға ескерту жасаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз