10 ақпан күні Африкада Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгерлері тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам мерт болды. Бұл туралы Africanews хабарлады.
БҰҰ деректеріне қарағанда, бортта 23 жолаушы болған. Олардың 10-ы жарақаттанған, ал үшеуінің жағдайы ауыр. Тікұшақтың неліктен апатқа ұшырағандығы әзірге белгісіз. Тікұшақ Солтүстік және Оңтүстік Суданның шекарасында орналасқан, ерекше мәртебеге ие африкалық Абьей ауданы аумағында құлаған.