Санкт-Петербургта Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің екі жақты кездесуі өтті, деп хабарлайды қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары.
«Менің есімде 2012 жылы сіз мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапарыңызды Ресейге жасадыңыз. Қазір президент ретіндегі қызметіңізді аяқтап жатырсыз, мемлекет басшысы ретіндегі соңғы сапарыңыз да Ресейге жасалды. Бұл кездейсоқ болғанымен, мұнда белгілі бір символизм бар», – деді РФ президенті В. Путин.
«Сіз мемлекет басшысы болған уақытта Ресей мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастардың сапасын айтарлықтай өзгергенін атап өткім келеді, Қырғызстан біздің экономикалық бірлестігіміздің мүшесі болды, біз екіжақты қарым-қатынастарымызды экономикалық және қауіпсіздік саласындағы қатынастарымызды нығайттық, яғни сыртқы шекараларды нығайту, гуманитарлық салада», – деп мәлімдеді В. Путин.
В. Путин А. Атамбаевтың сапары үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Қырғызстан Президенті А. Атамбаев өз сапарының символизмдік сипатын алға тартты.
«Сіз дұрыс атап өттіңіз, мен де ойланып қалдым. Ресейге алғашқы сапар жасауым, соңында да Ресейге сапар жасауым символикалық сипатта шықты. Мен біздің кездесуімізге өте қуаныштымын. Әрине, Қырғызстан мен Ресей арасында қалыптасқан деңгей, ғасырлар бойы мәңгі сақталып қалса деймін. Сіз жақсы білесіз аталған 6 жылда жою, бұзу, басқа бағытқа иектеуге тырысқандар болды, аталған 6 жыл бұл тұрғыда маған оңайға соқпады. Біз Құдайға шүкір қалыптастырған бауырлас қатынастардың әрі қарай да нығайғанын қалаймын. Менің ойымша, бүгінгі кездесу бұл тұрғыда пайдалы болады. Сізді көргеніме өте қуаныштымын», – деді А. Атамбаев.
Сабина Сайлаубай