Грузия Қазақстанға мемлекеттік қарыздың алғашқы бөлігін өтеді

0
42
ашық дереккөзден

Грузия үкіметі өтеу кестесіне сәйкес мемлекеттік қарыздың алғашқы төлемін жүзеге асырды.

«Бүгінгі таңда Грузия Үкіметі Қазақстан үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан тарапынан берілетін мемлекеттік қарыздар бойынша Грузияның қарыздарын қайта құрылымдау туралы келісімде белгіленген өтеу кестесіне сәйкес мемлекеттік қарыздың алғашқы төлемін жүзеге асырды. Төлем кесте бойынша жүргізілді», – деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме келтіріп Bnews.kz.

Кесте бойынша төленген сома 4 919 644,43 долларды құрайды. Төлем толықтай жүзеге асырылды. Атап өтерлігі, Грузия қарызды 2017 жылдан 2025 жылға дейін өтейді. Министрліктің айтуынша, негізгі қарыз сомасы қазақстандық тараптың пайдасына 25 480 089,96 долларды құрайды.

Бұған дейін Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермұхамет Ертісбаев қыркүйектің басында Грузия Қазақстанға мемлекеттік қарызды өтеуге кірісетінін мәлімдеді.

«Қыркүйек айының басында Грузия Қазақстанға қарызын өтей бастайды. Біз өз кезінде грузиндерден 90 жылдары яғни 20 жыл бұрын шамамен 27,5 млн доллар сомада қарыз алғанбыз. Ол уақытта мемлекет қазынасы бос болды (…) Жағдай ауыр еді. Бірақ Грузияға да бұл қаражат ауадай қажет еді. Сол сәтте Эдуард Шеварнадзе билікті қиындықпен ұстап тұрды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эдуард Амвросиевичпен жақсы қарым-қатынаста болды, сол себептен біз қаражатты қарызға алдық», – деп мәлімдеді Е. Ертісбаев.

Дипломат 2013 жылы келгенінде достықтың жөні бөлек, дегенмен қарыз өтелу керектігі туралы мәселе қойғанын алға тартты. Бірқатар келіссөздер жүргізілген. Екі тарап олар ақшаны Праиж клубы құрылымымен яғни өте аз пайызбен қайтарады деп келіскен.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз