Алмазбек Атамбаев қырғыз халқынан кешірім сұрады

0
73
дереккөзден

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбк Атамбаев қырғыз халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды АКИ press.

А. Атамбаев Сооронбай Жээнбековтың президенттікке ант қабылау рәсіміненде «Соңғы 6 жыл ішінде көптеген жақсы жұмыстар атқарылды, бірақ мен өзім ойлаған нәрселердің көбін орындай алмадым», деді.

Сондай-ақ, «алты жыл президенттік уақыттың соңғы 2-3 жылында ғана тыныштыпен жұмыс істеуге мүмкіндік туды», деп мәлімдеді.

Қырғыз мемлекетінің бұрынғы басшысы ел халқынан кешірім сұрап

«Егер үміттеріңізді ақтай алмаған болсам кешіріңіздер. Мен әрқашан қырғыз халқының жағдайын жеңілдетуге, жақсартуғы тырысып бақтым. Халқымның алдында, Құдайдың алдында, ар-ұжданымның алдында адал болуға тырыстым. Мен Отанымыздың болашағы үшін алаңдамаймын, себебі Қырғызстан өткенге ешқашан оралмайтынына сенімдімін»,

– деді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз