ҚР ИДМ Геология комитеті төрағасының орынбасары қайтыс болды

0
94

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Назаралы қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жақсылық Назаралы бүгін Парламент Мәжілісінде парламенттік тыңдауларға қатысуы керек болатын, бірақ отырыстың алдында ол өзін нашар сезінгеннен кейін оған жедел-жәрдем қызметін шақырылды. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, Назаралы Жақсылық ауруханаға жетер жолда қайтыс болған.

Назаралы Жақсылық Күзембайұлы  1964 жылғы 23 қыркүйекте Красноводск ауданында Айым ауылында дүниеге келген.

1987 жылы Түркмен политехникалық институтына мұнай факультетін таулы инженер геолог мамандығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы  “Актюбнефтегазгеология” ПГО-дан бастаған.

53 жасында өмірден озған Жақсылық Назаралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары лауазымын 2017 жылдың тамыз айынан бастап атқарған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз