Америка Құрама Штаттары Қабылдағы лаңкестік шабуылды қатаң айыптайды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшының міндетін атқарушы Джона Салливнана мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Құжатта «АҚШ Үкіметінің атынан мен бүгін Қабылдағы сайлаушылардың тіркеу орталығында жасалған, 60-тан астам адамның өмірін жалмап, жүздеген адамдар ауыр жарақаттар алған лаңкестік шабуылды қатаң айыптаймын», делінген.
Ол сондай-ақ, АҚШ пен оның одақтастарының террористік ұйымды жоюға деген ұмтылысын білдірді.
Еске сала кетеміз, Ауғанстан астанасы Қабылда сайлаушыларды тіркеу орталығына келген жанкештілердің біреуі өзін-өзі жарып жіберген. Лаңкестік жарылыс салдарынан 100-ден астам адам жарақат алып, 60-тан астам адам мерт болды. Жарылысқа жауапкершілікті ДАИШ*(Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.