Аргентинада 3 күндік аза тұту күні жарияланды

0
120

Арменияда «Сан-Хуан» сүңгуір қайығы апатқа ұшырап экипаж мүшелерінің қаза табуына байланысты 3 күндік аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы Аргентина президенті Маурисио Макри хабарлаған.

Осыдан бір жыл бұрын жоғалып кеткен «Сан-Хуан» сүңгуір қайығы күні кеше табылды.

Сүңгуір қайықтың бортында 44 адам болған. Ғайып болған қайықты америкалық «Оушен Инфинити»компаниясы 800 метр тереңдіктен алып шыққан.

«Сан-Хуан» сүңгуір қайығы Субмарина Ушуая портынан Мардель-Платаға аттанған еді. Бірақ орта жолда байланысқа шығуын тоқтатқан. Әскери техниканың өзі Германияда құрастырылып, Аргентина теңіз күштері құрамына 1985 жылы берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз