Атамбаев Путинді “Манас” орденімен марапаттады

0
54
АКИPress

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинді республиканың жоғарғы мемлекеттік ордені «Манаспен» (бірінші дәрежелі) марапаттады деп хабарлайды қырғыз басшысының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жарлыққа А. Атамбаев сәрсенбі күні қол қойған.

«Алмазбек Атамбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді «Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту және одақтасты дамытуға қосқан үлесі үшін «Манас» бірінші дәрежелі орденімен марапаттады», – деп хабарлайды қырғыз басшысының баспасөз қызметі.

АКИPress

«Манас» ордені 1996 жылдан бастап Қырғызстанның жоғарғы мемлекеттік наградасы ретінде беріле бастады. Ол үш дәрежелі және «мемлекеттің және демократиялық қоғамның, халықтың бірлігін, елдің экономикалық, рухани және интеллектуалды әлеуетін қорғау мен нығайтуға қосқан зор үлесі үшін» беріледі. Ерекше жағдайларда ғана Қырғызстан президенті өз жарлығымен бірінші дәрежелі «Манас» орденімен марапаттауға құқылы.

АКИPress

Өз кезегінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік пен дәстүрлі достық пен тату көршілікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Данакер» орденімен марапаттады. Қырғыз басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жарлыққа А. Атамбаев өзі қол қойған.

АКИPress

Атап өтерлігі, «Данакер» ордені күмістен жасалады, ол диаметрі 42 мм болатын қырық бірдей шуақ шашып тұратын жұлдыз түріне ие.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз