Қазақстан – Құдай қосқан көрші ел: Сооронбай Жээнбеков

0
138

Қарғызстан мемлекетінің президент сайлауында 97%-дан астам дауыспен жеңіске жеткен қырғыз халқының жаңа басшысы Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы болашақ қарым-қатынас турасында әңгімеледі, деп хабарлайды tengrinews.kz сайты.

«Қазақстан-біздің көршіміз. Құдай қосқан көрші еліміз, біз бауырлас мемлекеттерміз. Біз әр мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеуге міндеттіміз және құрметтейміз де», деп мәлімдеді.

Сонымен қоса Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен алдағы уақытта сыйластық қарым-қатынасты нығайтатынын жеткізді.

«Назарбаев – біздің бауырлас мемлекетіміздің басшысы. Біз ынтымақтастық орнатқан барлық мемлекеттер мен мемлекет басшыларын құрметтейміз», деп мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз