ҚР Бас прокуратурасы қамаққа алу мерзіміне қатысты мәлімдеме жасады

0
115

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қамаққа алу мерзімін 72-ден 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

«Конституция адамды қамаққа алу мерзімінің жоғарғы шегін бекіткен. Оны өздеріңіз білесіздер, 72 сағат.  Оны  біз 48 сағатқа қысқартуды ұсынып отырмыз., Ал кәмелетке толмағандар үшін   24 сағат. Мұндай ұсыныс неге туып отыр? Ең бастысы, бұл адамның құқығы. Әрине 48 сағат ол халықарлық стандарт, барлық дамыған елдерде осындай мерзім. Бізде соған ұмтылуымыз керек», – деп мәлімдеді М. Ахметжанов ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актлеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының тұсау кесерінде.

«Алайда 72 сағат мерзімі мынадай күрделі істер үшін қалады: аса ауыр қылмыс үшін, террорист немесе экстремист, жаппай тәртіпсіздік үшін, қылмыстық топтармен қылмыс жасалса, заңсыз есірткі айналымы, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар, адам өліміне әкелген қасақана іс-әрекеттер бойынша, сонымен қатар жер шалғай болса немесе төтенше жағдайлар адамдарды сотқа уақытында жеткізуге мүмкіндік болмаса », – деп М. Ахметжанов атап өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз